Корпоративтік желілерді құру

alt

Қала, облыс немесе елдің әртүрлі аймақтарында бірнеше бөлімшесі бар компаниялар үшін ішкі коммуникациялардың сауатты ұйымдастырылу процесі ерекше маңызды. Деректерді берудің бірыңғай желісі әртүрлі бөлімдер мен бөлімшелердің қызметкерлері арасында жедел ақпарат алмасуды, нақты уақыт режимінде кез келген деректерге қол жеткізу мүмкіндігін, телефон байланысы мен Интернет байланысының сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Біз кез келген күрделілік дәрежесіндегі корпоративтік желілерді құру жобаларын іске асырамыз. Бұл ретте Сіздің компанияңыздың кеңселері Алматыда, сондай-ақ Қазақстанның, Ресейдің және ТМД-ның кез келген өңірінде болуы мүмкін. Біздің мамандар құрған корпоративтік желі кәсіпорын кеңселері арасында жолға қойылған телефон байланысын, Интернет желісіне барлық жерде қолжетімділікті, сондай-ақ компания ішіндегі бизнес-процестерді оңтайландыратын бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Және, ең бастысы, көптеген клиенттер үшін корпоративтік желілер «ОБИТ» – тен берілетін деректердің жоғары дәрежеде қорғалуымен ерекшеленеді.